McDonald's Ресейдегі мейрамханаларын уақытша жабады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
McDonald's Ресейдегі мейрамханаларын уақытша жабады Иллюстрациялық сурет: Тengrinews

McDonald’s жылдам тамақтану мейрамханалар желісі Ресейдегі 850 мейрамханасын уақытша жабады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.

McDonald’s жылдам тамақтану мейрамханалар желісі Ресейдегі 850 мейрамханасын уақытша жабады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.

Мейрамхананың жабылуы туралы бас директор Крис Кемпчински қызметкерлерге жазған ашық хатында хабарлады.

"McDonald's жағдайды бағалауды жалғастырады және қандай қосымша шаралар қажет екенін анықтайды. Қазіргі кезеңде Ресейдегі мейрамханаларымызды қашан қайта ашатынымызды болжау мүмкін емес", - деді Кемпчински.

Жарнама
Жарнама

Агенттіктің мәліметінше, хатта мейрамханалардың жабылатынына қарамастан, компания өз қызметкерлеріне жалақы төлей беретіні жазылған. Ресейдегі мейрамханалар желісінде 62 мың адам жұмыс істейді.

Сонымен қатар, McDonald’s Украинадағы 100 мейрамханасын да жаппақ. Бұл елдегі қызметкерлерге де жалақы төленетін болады. 

Сондай-ақ 8 наурызда Starbucks пен Coca-Cola Ресейдегі жұмысын тоқтататынын хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама