Медбике маскадан химиялық күйік алған

Фото: REUTERS

Ресейдің Владимир облысында медбике маска таққаннан бетінде химиялық күйік пайда болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ресейдің Владимир облысында медбике маска таққаннан бетінде химиялық күйік пайда болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, өзі жұмыс істейтін аурухананың әкімшілігі қорғаныс заттарын қайта пайдалану үшін дезинфекциядан өткізеді екен.

Ольга Овинникова есімді қыз Instagram желісіндегі парақшасында өзінің фотосын жариялаған. Онда қыздың бетіндегі қызық дақтарды көруге болады.

Реклама
Реклама

Ол екінші деңгейдегі химиялық күйік алғанын және ауруханада бір рет пайдалануға арналған химиялық қорғаныс киімдерінің хлоркамен тазартылып, қайтадан пайдаланылатынын айтқан.

Медбике желі қолданушыларының біріне күйік маңдайында пайда болмағанын да айтқан. Себебі қорғаныс киімдері бетпердеге қараған да жақсы тазаланған.

РИА Новости елдің тергеу органдары қыздың әлеуметтік желідегі жазбасына қатысты тексеріс жүргізіп жатқанын хабарлады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама