Мединеде жанкешті лаңкес мешіт жанында өзін-өзі жарып жіберді: 5 адам қаза тапты

© "Әл-Арабия" телеарнасы

Жанкешті лаңкес Мединедегі Пайғамбар мешітіне жақын жерде тәртіп сақшыларының постының маңына жарылғыш зат қойған, - деп хабарлайды РИА Новости "Әл-Арабия" телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның мәліметінше, лаңкес кешкі намаз уақытында мешіттің аумағына кіре алмаған. Сонымен қатар, өлімшінің қызметкерлердің жанында өзін-өзі атып жібергені айтылады. Сауд Арабиясының полицейлері оқиға орнына келіп, қоршауға алған. Алайда мешіт келушілерге ашық болған. 

РИА Новости басылымы "Әл-Арабия" телеарнасына сілтеме жасай отырып, теракт салдарынан жанкешті мен қауіпсіздік күштерінің төрт қызметкері қаза тапқанын айтып отыр. Сонымен қатар, төрт бейбіт тұрғынның ауыр жағдайда жатқаны хабарланды. Ал Sky News Arabiya телеарнасының соңғы мәліметтері бойынша, Мединеде болған атыстың салдарынан бес адам қаза тауып, тағы алты адам зардап шекті.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бұған дейін осыған ұқсас тағы бір оқиға болған еді. Әл-Катиф қаласына жақын жердегі мешіттің жанында атыс болды. Онда жанкешті лаңкес өзін-өзі жарып жіберген. Алдын ала мәлімет бойынша, мешітке келушілердің ішінде қаза тапқандар жоқ.


 @KAMES__2016 в Twitter

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама