Медведев Навальныйды қолдау акциясы күні шамдардың суретін жариялады

Фото ©РИА Новости

Ресей Федерациясы Қауіпсіздік кеңесі басшысының орынбасары Дмитрий Медведев 14 ақпанда Instagram-дағы парақшасында даладағы шамдардың суреттерін жариялады. Кейбір желі қолданушысы мұны Алексей Навальныйды қолдаудың жасырын түрі деп ұйғарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жарияланым сипаттамасында былай делінген: "Ақпан-2021: нағыз қыс, аяз және қар". Медведев бұдан басқа ештеңе жазбады.

Реклама
Реклама

Пікір қалдырғандардың көбі "Бұл Алексей Навальныйды қолдаудың жасырын түрі ма?" деп қызығушылық танытты. Себебі 14 ақпанда бүкіл Ресей бойынша оппозиционердің жақтастары қолына шам ұстап шыққан болатын.

Кейін Дмитрий Медведев бұл жазбасымен не айтқысы келгенін түсіндіріп берді. 

"Бұл Навальныйды қолдау емес. Қателесесіздер, бұл нағыз ресейлік қысты, климаттың өзгеруіне қарсы күресті және Гретаны қолдау үшін", - деп әзілдеді Медведев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная