Мексика президенті екінші рет коронавирус жұқтырды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото ©REUTERS

Мексика президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадор екінші рет COVID-19 жұқтырғанын айтты , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасай отырып.

Мексика президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадор екінші рет COVID-19 жұқтырғанын айтты , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасай отырып.

Мексика басшысы Twitter-де аурудың жеңіл түріне шалдыққанын және қалпына келгенге дейін оқшау күйде жұмыс істейтінін мәлімдеді.

"Симптом жеңіл болғанымен, оқшауланып, тек кеңсе жұмысымен айналысамын. Виртуалды түрде қарым-қатынас жасаймын", - деп жазды саясаткер.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, ол өзін баспасөз конференцияларында және басқа да іс-шараларда елдің ішкі істер министрі Адан Аугусто Лопес Эрнандес алмастыратынын айтты. Алғаш рет Обрадор 2021 жылдың қаңтарында коронавирус жұқтырған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама