Мексика президенті Трамптың дуалына қатысты пікірін білдірді

Мексика президенті Энрике Пенья Ньето А?Ш-пен шекарада?ы дуал ??рылысы ?шін Мексиканы? еште?е де т?лемейтінін м?лімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Мексика президенті Энрике Пенья Ньето АҚШ-пен шекарадағы дуал құрылысы үшін Мексиканың ештеңе де төлемейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Мен арамызды бөліп тұратын дуал салу жұмыстарын жалғастыру туралы шешім қабылданғаныма өкініш білдіремін және оны айыптаймын. Мексика ешқандай дуалға сенбейді, Мексика ешқандай дуал үшін ақша төлемейді", - деп мәлімдеді Пенья Ньето.

Сонымен қатар, мексикалық саясаткерлер ел президентінен қаңтар айының соңына белгіленген Вашингтонға сапарынан бас тартуды талап етті. 

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, осыған дейін Трамптың АҚШ пен Мексика арасын бөлетін дуалды салдыра бастағаны хабарланған болатын. Трамптың сөзінше, Ішкі қауіпсіздік министрлігі құрылыс жұмыстарын бірден бастайды. Мұның алдында ол дуалдың АҚШ бюджетінен салынып, кейін құрылысқа кеткен қаражатты Мехико 100 пайыз қайтарады деген болатын. Дегенмен, құрылыс жұмыстарын конгресс мақұлдау керек.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама