29 наурыз 2022 | 12:44

Мексикада әтеш төбелесі кезінде қанды қырғын болды: 20 адам қаза тапты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ©REUTERS

Мексикада әтеш төбелесіндегі жанжал кезінде 20 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мексикада әтеш төбелесіндегі жанжал кезінде 20 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға Мичоакан штатының батысындағы Лас-Тинахас қаласында болған. Онда "Халиско жаңа буынының картелі" (CJNG) есірткі тасымалдау жолдарын бақылау мүмкіндігін алу үшін жергілікті бандалармен күрес жүргізіп жатыр.

©REUTERS

Реклама
Реклама

Мексика полициясы 19 мәйітті тапқанын хабарлады - 16 ер адам мен 3 әйел. Зардап шеккендердің бәрі оқ жарақатын алған, тағы бір жәбірленуші ауруханаға барар жолда қайтыс болған. Сондай-ақ, полицейлер оқиға орнынан 15 көлікті тәркілеген.

"Бұл - екі топтың қырғыны", - деді Мексика президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадор адам өліміне өкініш білдіріп.

©REUTERS

Шабуылшыларды ұстауға Мексика армиясы мен ұлттық гвардия әскері жұмылдырылған. Бірақ жанжалға қатысқандар аймақтағы ұйымдасқан қылмыстық топтардың қайсынан екені белгісіз.

Елдің көп аймағында тыйым салынғанымен, әтеш төбелесі Мексиканың кейбір бөліктерінде танымал саналады және әдетте жасырын түрде өткізіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная