Мексикада белгісіз біреулер бес саясаткерді өлтіріп кеткен - БАҚ

Мексикада белгісіз біреулер бес саясаткерді өлтіріп кеткен - БАҚ © REUTERS

Кеше белгісіз біреулер Мексиканы? Оахака штатында "Морена" партиясы атынан депутатты??а ?міткер бол?ан Лопес Авенданьо мен та?ы осы партияда?ы т?рт адамды сайлау алдында?ы сапары барысында ?лтіріп кеткен, - деп хабарлайды РИА Новости.

Кеше белгісіз біреулер Мексиканың Оахака штатында "Морена" партиясы атынан депутаттыққа үміткер болған Лопес Авенданьо мен тағы осы партиядағы төрт адамды сайлау алдындағы сапары барысында өлтіріп кеткен, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Біздің округте жергілікті депутаттыққа үміткер болған  Эхутла Эмигдио Лопес Авенданьо мен тағы төрт адам өлтірілді. Олар Сан-Висенте-Коатлада сайлау алды сапарда болған", - деп жазды сенаторға үміткер Саломон Хара Крус Twitter желісіндегі парақшасында.

Алдын ала мәлімет бойынша, "Морена" партиясының бес мүшесіне оқ атылған. Оның себебі әзірше белгісіз, тергеу жүріп жатыр.

Реклама
Реклама

Ал Etellekt компаниясы өкілдерінің мәліметінше, 9 маусымдағы жағдай бойынша сайлау алды сапарлар барысында 112 саясаткер өлтірілген.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама