Мексикада коронавирусқа ұқсас бұршақ жауды

Мексиканың Нуэво-Леон штатында коронавирусқа ұқсас ерекше бұршақ түсті, - деп хабарлайды "Росбалт".

Мексиканың Нуэво-Леон штатында коронавирусқа ұқсас ерекше бұршақ түсті, - деп хабарлайды "Росбалт".

Табиғи құбылыстың суреттерін Instagram және Twitter қолданушылары жариялап жатыр. Бұршақтан коронавирусты микроскоппен көргендегі бейнесін байқауға болады. Mundo Hispanico жазуы бойынша, тұрғындар оған тіпті "Градовид-19" деген ат берген.

Реклама
Реклама

Сурет: Mundo Hispanico/Dominio público

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның метеорологы Жозе Мигель Винастың айтуынша, мұнда шын мәнінде ешқандай ғажап дүние жоқ. Қатты дауыл кезінде әртүрлі көлемдегі бұршақтар бір-бірімен соқтығысып, қызады, осылайша ерекше пішіндер шығады екен.

Сондай-ақ, осыған ұқсас құбылыс 19 мамырда Қытайдың Циндао қаласында болған, ал одан бұрын, 2020 жылдың сәуірінде Американың Мичиган штатында коронавирусқа ұқсас бұршақ жауған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама