04 қаңтар 2021 09:43

Мексикада Pfizer вакцинасын салдырған дәрігердің миы қабынған болуы мүмкін

Фото ©REUTERS

Мексикада дәрігер болып жұмыс істейтін 32 жастағы әйел энцефаломиелитпен (жұлын мен миды зақымдайтын жүйке жүйесінің қабынуы) ауырып қалуы мүмкін деген диагнозбен ауруханаға түсті. Жақында ол Pfizer вакцинасын салдырған, - деп хабарлайды "Популярная механика"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Энцефаломиелит - жұлын мен ми қабынуы және ол әрі қарай да, тіпті периферикалық жүйке жүйесіне таралуы мүмкін. Бұған дейін энцефаломиелит Pfizer вакцинасының жанама әсерлерінің тізімінде болмаған. Алайда Pfizer-ден кейін аллергиялық реакция берген соң алты адам қайтыс болған.

Реклама
Реклама

Басылымның мәліметіне қарағанда, ауырып қалған дәрігер Нуэво-Леон штатындағы мемлекеттік ауруханаға жатқызылды. Оның тыныс алуы қиындап, денесі бөрткен. Бұған дейін де дәрігердің басқа препараттарға аллергиялық реакциясы болған. Енді энцефаломиелит Pfizer вакцинасынан кейін пайда болған-болмағаны анықталып жатыр. Алайда әзірге екпені шығарушылар ешқандай пікір білдірмеді.

Бұл вакцина Мексикада 24 желтоқсаннан бастап тарап жатыр. 

3 қаңтарда ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой неге әлі вакцина салдырмағанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram