Мексикада ұшақ тұрғын үйдің үстіне құлады

Видеодан алынған кадр

Мексиканың Кульякан қаласында Cessna ұшағы тұрғын үйдің үстіне құлады. Оқиғаның видеосы Желіде таралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Мексиканың Кульякан қаласында Cessna ұшағы тұрғын үйдің үстіне құлады. Оқиғаның видеосы Желіде таралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Төтенше жағдай 3 желтоқсанда күндізгі уақытта болған. Куәгерлердің айтуынша, ұшақ бірте-бірте төмен қарай түсе берген. Оның құлау себебі әзірше анықталып жатыр.

Салдарынан 4 адам қаза тауып, тағы екі адам жарақат алған. Басылымның мәліметінше, ұшақта отырған екі адам қаза болған, ал жарақат алғандар - әйел адам мен кәмелетке толмаған бала төтенше жағдай кезінде үйде болған, оларға көмек көрсетілді.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама