Мексикада жойқын жер сілкінісі болды

© REUTERS

Мексика жағалауында магнитудасы 8-ге тең жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды РИА Новости АҚШ-тың Геологиялық қызметіне (USGS) сілтеме жасап.

Мексика жағалауында магнитудасы 8-ге тең жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды РИА Новости АҚШ-тың Геологиялық қызметіне (USGS) сілтеме жасап.

Жерасты дүмпулері UTC уақыты бойынша сағат 04:49-да тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Трес-Пикос елді мекенінен оңтүстік-батысқа қарай 119 шақырым жерде орналасқан. Ал жерасты дүмпулерінің ошағы 33 шақырым тереңдікте болған. 

Реклама
Реклама

Milenio TV арнасы оңтүстік-шығыстағы Чьяпас штатының губернаторы Мануэль Веласкеске сілтеме жасай отырып, сол штатта үш адамның қаза болғанын айтты. Ал Universal басылымының мәліметінше, Оахака штатында бір әйел адам қаза болды. Excelsior‏ басылымы Табаско штатының губернаторы Артуро Нуньеске сілтеме жасай отырып, екі баланың қаза болғанын хабарлайды. Сондай-ақ, Prensa Libre басылымы Гватемаладағы Сан-Маркос департаментінің губернаторына сілтеме жасап, Такан қаласында тағы бір адамның қаза болғанын хабарлайды.


© REUTERS

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама