Мексикада жойқын зілзала болды: 44 адам қаза тапты

REUTERS/Claudia Daut©

Мексикада бол?ан жой?ын жер сілкінісінен кем дегенде 44 адам ?аза тап?ан, - деп хабарлайды РИА Новости елді? апат-??т?ару ?ызметіні? басшысы Луис Фелипе Пуэнтеге сілтеме жасап.

Мексикада болған жойқын жер сілкінісінен кем дегенде 44 адам қаза тапқан, - деп хабарлайды РИА Новости елдің апат-құтқару қызметінің басшысы Луис Фелипе Пуэнтеге сілтеме жасап.

"Қазіргі уақытта қаза тапқандардың саны ресми 44: 42 адам Морелос штатында және екеуі Мехикода" - деп жазды ол Twitter желісінде. 

Еске салайық, 19 қыркүйекте Мексикада магнитудасы 7,1 балл жер сілкінісі болған. Зілзаланың жер ошағы Пуэюда-де-Сарагоса қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 49 шақырымда және Тепеохума елді мекенінен сегіз шақырымда тіркелген. Жойқын сілкіністі Мехико тұрғындары да сезген.  

Реклама
Реклама

Мехиконың азаматтық қорғаныс министрі Фаусто Луго жер сілкінісінен кейін қираған және өртенген үйлер жайлы хабарлады, қиранды астында адамдар қалып қойған. Көптеген ауданда жол қозғалысы шектелген, ұзын-сонар кептеліс пайда болған. Мехиконың Бенито Хуарес атындағы халықаралық әуежайы жұмысын тоқтатты. Төрт миллионға жуық тұтынушы жарықсыз қалған.

Бұл осы айда болып отырған екінші жойқын жер сілкінісі екенін де айта кетейік. 7 қыркүйекте 8,2 балл болатын жер сілкінісі тіркеліп, оның салдарынан 200-ге тарта адам қаза тапқан еді.

 

 

 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама