Мексикада Aeroméxico әуе компаниясының жолаушылар ұшағы Дуранго щтатында құлады, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Шамамен 16.00-де Aeromexico компаниясының ұшағы Мехикодағы Дуранго әуежайынан ұшып шыққаннан кейін құлады, оның бортында 97 жолаушы және экипаждың төрт мүшесі болған", - деп жазды елдің көлік министрі Руис Эспарса Twitter желісіндегі микроблогында.
Оқиға орнынан ақпарат таратқан журналистердің мәліметінше, кейбір жолаушылар ұшақтан өз бетімен шыққан. Билік зардап шеккендерді жақын маңдағы ауруханаларға жеткізіп жатыр.