Мексикадағы ұшақ апаты: Жолаушылар мен экипаж мүшелері аман қалды

Камила Долаева Журналист
© twitter.com/SinEmbargoMX

Мексиканың Дуранго штатында Aeromexico компаниясының ұшағы апатынан 18 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Риа Новости штаттың денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. 

"Гуадалупе Виктория атындағы халықаралық әуежай маңында болған ұшақ апатының салдарынан 18 адам Дуранго ауруханасына жеткізілді", - делінген хабарламада.

Дуранго губернаторы Хосе Росас Аиспуро апат салдарынан адам шығыны жоқ екенін хабарлаған еді. Апаты кезінде ұшақта 101 адам болған, оның 97-сі жолаушы, төртеуі экипаж мүшесі.

Реклама
Реклама

Айта кеткен жөн, Aeroméxico авиакомпаниясының жолаушылар ұшағы ұшып шыққаннан кейін бес минуттан соң құлаған. Ол Дуранго әуежайынан 10 шақырым қашықтықта апат жағдайында қонуға тырысқан.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама