Мектепте қанды қырғын ұйымдастырғандар қамауға алынды

© EPA-EFE/SERGEY FEDOSEYEV/59.ru

Сот шешімі бойынша Пермь мектебінде пыша?тас?ан о?ушылар екі ай?а ?амау?а алынды, - деп хабарлайды РИА Новости айма?ты? прокурор?а сілтеме жасап. 

Сот шешімі бойынша Пермь мектебінде пышақтасқан оқушылар екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды РИА Новости аймақтық прокурорға сілтеме жасап. 

Прокурордың сөзінше, әзірше күдіктілер ауруханада. Ал жағдайы түзелгенде тергеу абақтысына жеткізіледі. Соттың жылжымалы отырысы №4 ауруханада өткен.


© РИА Новости / Игорь Катаев

Реклама
Реклама

Тергеу нұсқасы бойынша, дүйсенбіде мектеп бітіргендер мен оқушылар арасында төбелес болған. Жанжал кезінде олар пышақ қолданған. Оларды мұғалім мен төртінші сынып оқушылары ажыратпақ болған екен. Осының салдарынан 15 адам зардап шеккен. 

Дегенмен кей куәгерлер жасөспірімдер мұғалім мен оқушыларға әдейі шабуылдағанын айтады. Мұғалім 15 рет жарақат алып, ауыр халде жатыр.

Бұл оқиғаға қатысты екі немесе одан да көп адамды өлтіруге оқталу бойынша іс қозғалды. 

Еске сала кетейік, бетперде киген екі адамның мектепте сегіз бала мен мұғалімді пышақтағаны хабарланған еді. Оқиға №127 мектепте жергілікті уақыт бойынша сағат 10.19-да болған.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама