Мелания Трамп Африкаға отарлаушының костюмімен келді
АҚШ президенті Дональд Трамптың жұбайы Мелания африкалық турне аясында Кенияға сапарында отарлаушының костюмін киіп келген. Меланияның бұл бейнесіне The New York Times басылымы назар аударды.
АҚШ президенті Дональд Трамптың жұбайы Мелания африкалық турне аясында Кенияға сапарында отарлаушының костюмін киіп келген. Меланияның бұл бейнесіне The New York Times басылымы назар аударды.
Басылымның мәліметінше, Мелания Трамп отарлаушының бас киімін киіп алған. Ол еуропалық отаршылдықтың символы ретінде қабылданып, африкалықтарды пайдалану ассоцияциясын тудыратын көрінеді. Америка президентінің жұбайы "жаһандық деңгейдегі қателік"жасады деп жазды басылым.
©twitter.com/matt_carotenuto
"Трамп ханымның отарлаушының бас киімін киіп алғаны осы аптада саяхаттаған жерлерінен әлдеқайда өзгеше екенін көрсетті", - деп айтты политология профессоры Ким Йи Дионн.
Сапар барысында Мелания Трамп жетімдер үйі мен Дэвид Шелдриктің жабайы табиғатты қорғау қорына барып қайтты. Оның сапары театрлық қойылымды көрумен аяқталды.