Мельбурнде автомобиль бір топ адамды қағып кетті

© REUTERS / Sonali Paul

Аустралияны? Мельбурн ?аласыны? орталы?ында авток?лік бір топ жаяу ж?ргіншіні ?а?ып кетті. Б?л м?ліметті Виктория штатыны? полициясы Twitter желісіндегі пара?шасында хабарлады. 

Аустралияның Мельбурн қаласының орталығында автокөлік бір топ жаяу жүргіншіні қағып кетті. Бұл мәліметті Виктория штатының полициясы Twitter желісіндегі парақшасында хабарлады. 

Оқиға Флиндерс көшесінде болды. Он екі адам зардап шекті, оның екеуіне оқиға орнында көмек көрсетілді, ал қалғаны ауруханаға жеткізілді.

Полиция жүргізушіні ұстады. Құқық қорғау органдары қызметкерлері куәгерлерден сұрау алып жатыр және адамдарға оқиға болған жерге жақындамауға кеңес берді. 

Реклама
Реклама

SBS телеарнасының мәліметінше, зардап шеккендердің арасында бір бала бар. Ол басын жарақаттаған. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама