11 қараша 2019 | 09:22

"Мен ештеңе ұрламадым". Боливияда президент отставкасынан кейін жаппай тұтқындау басталды

Боливия президенті Эво Моралес отставкасын жариялап тұр. © dw.com

Президент қызметінен кететіні туралы мәлімдеген Боливия президенті Эво Моралес ел халқына өз басқаруы барысында қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп, елдегі тәртіпсіздік пен зорлық-зомбылықтың бүгін кешке тоқтайтынына сенім білдірді, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент қызметінен кететіні туралы мәлімдеген Боливия президенті Эво Моралес ел халқына өз басқаруы барысында қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп, елдегі тәртіпсіздік пен зорлық-зомбылықтың бүгін кешке тоқтайтынына сенім білдірді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Жексенбіде елдегі жаппай наразылық аясында жаңа президенттік сайлау өткізілетіні жарияланды. Бұл Америкалық мемлекеттер ұйымының (ОАТ) дауыстарды санауды тексеруге қатысты баяндамасы жарияланған соң белгілі болды.

Реклама
Реклама

Боливияның Жоғарғы сайлау сотының мәліметтеріне сәйкес, 20 қазанда өткен президенттік сайлауда бірінші турда мемлекеттің қазіргі басшысы Эво Моралес жеңіске жеткен. Оның негізгі қарсыласы Карлос Меса есептеу нәтижелерін мойындамады. Боливиядағы наразылықтар 20 қазанда дауыстарды санағаннан кейін басталды және бүгінге дейін жалғасып жатыр, кейбір қалаларда манифестанттарға полиция қызметкерлері қосылды.

"Зорлық-зомбылық пен агрессияға байланысты өте қатты уайымдап жатырмыз, бұл қаскөйлікті жеңілген партия жақтастары шығарып отыр, елдің азаматтары арасындағы қарама-қайшылық. Осы және басқа да себептер бойынша мен отставкаға кетіп, Боливия Парламентіне тиісті хат жолдаймын", - деп мәлімдеді саясаткер RT таратқан баспасөз мәслихаты барысында.

Моралес ел халқына, кәсіподақтарға және Үкімет мүшелеріне қолдау көрсеткені және ынтымақтастығы үшін алғысын білдірді және Боливия халқының әл-ауқаты үшін оның артта қалуымен күрестің жалғасатынын мәлімдеді.

"Бұл шешім (отставкаға кету - ред.) бүгін кешке елдегі зорлық-зомбылықты және тәртіпсіздікті тоқтатуға көмектеседі деп үміттенемін", - деп атап өтті ол.

Моралестің пікірінше, америкалық мемлекеттер ұйымы билікті қайта дауыс беруге шақыра отырып, Боливиядағы сайлау қорытындысы бойынша саяси шешім қабылдайды.

"Егер шешім саяси емес, заңды болса, бұл бірінші турдағы жеңіс болар еді", - деді ол.

Президент пен вице-президент орнынан түскен соң Боливиядағы атқарушы билік Сенат спикеріне, ол орнынан түскен жағдайда - депутаттар Палатасының спикеріне өтуі тиіс. Алайда олардың барлығы мемлекетті басқарудан бас тартқан. Боливия Сенатының екінші вице-спикері, оппозиция өкілі Жанин Аньес жоғарғы билік барлық жоғары басшылықтың орнынан түскеннен кейін оған көшеді деп мәлімдеді.

Боливия оппозициясының лидері Карлос Меса Боливия президенті Эво Моралестің отставкасын "тиранияның соңы" деп атады.

Эво Моралес өзінің отставкаға кетуі туралы хабарлай отырып, ел аумағынан кетуді жоспарлап отырмағанын мәлімдеді.

"Эво қашып кетеді деген қауесет бар. Мен үшін қашудың дым да мәні жоқ. Боливия халқының білгенін қалаймын: Мен ештеңе ұрламадым", - деп мәлімдеді Моралес өтіп бара жатқан Үкіметтің жетістіктерін атап өтті. Аргентина, Мексика, Венесуэла және Куба Моралесті қолдады.

"Боливияда әскери операция жүріп жатыр, біз оны айыптаймыз, бұл өткен ғасырда біздің Латын Америкасы қанымен жабылған қайғылы оқиғаларға ұқсайды. Мексика демократия мен мемлекеттік институттарды құрметтеу ұстанымын ұстанады. Төңкерісіне жоқ", - деді СІМ басшысы Мексика Марсело Эбрард Twitter-де.

Боливия ОСК басшысы және оның орынбасары сайлаудағы заңбұзушылықтар туралы баяндамадан кейін тұтқындалды.

Елдің денсаулық сақтау министрі Габриела Монтаньо хабарына қарағанда, Боливия полициясы Эво Моралесті ұстап алғысы келеді.

"Боливия полициясы Эво Моралесті заңсыз түрде тұтқындауға ниетті, бұл сұмдық туралы әлемге мәлімдейміз", - деп жазды ол Twitter-де.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная