14 қыркүйек 2021 | 11:48

Меркель Еуропалық Одақты кеңейтуді ұсынды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©REUTERS

Германия канцлері Ангела Меркель Сербия астанасына сапары кезінде Еуропалық Одақты кеңейтуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Германия канцлері Ангела Меркель Сербия астанасына сапары кезінде Еуропалық Одақты кеңейтуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

Сербия президенті Александр Вучичпен қатар сөз сөйлеген Меркель Батыс Балқан елдерін ЕО-ға кіруге шақырды. Сондай-ақ, ол ЕО-ға мүшелік жолында прогресті жалғастыруға шақырды, бірақ өзгерістерді қабылдау қажет екенін айтты.

"Жақында біз бұл үдеріске біраз серпін береміз деп үміттенемін. Сербия мен бүкіл аймақ Еуропалық Одаққа мүше болуы үшін әлі де ұзақ жол бар, бұл біздің ортақ мақсатымыз", - деді ол.

Реклама
Реклама

Саясаткер бұл аймақтағы алты мемлекетті ЕО-ның болашақ мүшесі деп қарастыратынын түсіндірді - Албания, Босния және Герцеговина, Сербия, Солтүстік Македония, Черногория және Косово.

"Біз қазірдің өзінде Еуропалық Одақтың мүшелері саналатын бұл елдерді ЕО-ға қосу үшін геостратегиялық қызығушылық бар екенін есте ұстауымыз керек", - деп қосты Меркель.

Бұл үшін елдерге кең ауқымды реформалар жүргізуге тура келеді - заң үстемдігі, сыбайлас жемқорлық пен туыстық қатынас проблемаларымен күрес, деді Меркель.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная