ПОДЕЛИТЬСЯ
03 желтоқсан 2021 | 16:51
Meta Facebook және Instagram-да криптовалюталарды жарнамалауға салынған тыйымды алып тастады
Meta корпорациясы (бұрынғы Facebook) криптовалюталық компаниялар үшін жарнамаға тыйым салу саясатынан бас тарту туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Meta корпорациясы (бұрынғы Facebook) криптовалюталық компаниялар үшін жарнамаға тыйым салу саясатынан бас тарту туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның сайтына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіге иелік ететін Meta компаниясы қазір криптовалютаға арналған жарнамаларды орналастыру үшін қажетті 27 лицензияның біріне ие компаниялар орналастыра алатынын түсіндірді.
"Соңғы жылдары криптовалюта жетіліп, тұрақтанып жатыр. Сонымен қатар осы сала үшін нақты ережелер белгілейтін үкімет қаулыларының саны артты", - деп түсіндірді Meta.
CNBC хабарлауынша, Meta бұл қадамға компанияның әлеуметтік медиа өнімдері арқылы интернеттегі сатып алулар үшін төлеуге болатын жеке криптовалютасын іске қосу сәтсіз әрекетінен кейін барған.
Сондай-ақ компания бұл тыйымды Meta криптография бөлімінің басшысы Дэвид Маркусты жұмыстан шығарғаннан бір күннен кейін алып тастағаны айтылды. Ол Meta Novi Financial компаниясында NFT сандық әмиян жобасында және Facebook пен WhatsApp үшін Diem төлем жүйесінде жұмыс істеді. Оның іске қосылуы мемлекеттік реттеушілердің қарсылығына тап болды.
Бұған дейін Facebook әлеуметтік желісін иеленетін Meta компаниясы желіде жеке интимдік фотолардың таралуымен күресетін платформаны іске қосқан болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также