Миланда 18 қабатты тұрғын үй өртеніп кетті

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©REUTERS

Миланның оңтүстігінде 18 қабатты тұрғын үй өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

Миланның оңтүстігінде 18 қабатты тұрғын үй өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, өрт 15-қабаттан шыққан. Жалын ғимараттың сыртқы қаптамасына тез өтіп кеткен.

Реклама
Реклама

Өрт сөндірушілер жұмысына бірнеше фактор кедергі келтергені айтылды. Өрттен шыққан қою түтіннен жағдайды бақылау қиындаған және өртенген бөліктердің көліктерге құлауы қиындық тудырған.

Өрт салдарынан қаза тапқандар жоқ, бірақ түтіннен уланған бірнеше тұрғын бар екені айтылды.

"Өрттің шығу себебі әлі анықталып жатыр, бірақ өрттің тез таралуы ғимарат қаптамасына байланысты болған сияқты", - деді Римдегі ішкі істер департаменті қызметкері Карло Сибиа.

Ғимарат құрылымын тексерген мамандардың айтуынша, ғимараттың құлау ықтималдығы өте жоғары: өрт металл жақтауды қатты зақымдаған. Бұл көрші үйлерге қауіп төндіреді, сондықтан құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама