ПОДЕЛИТЬСЯ
09 наурыз 2020 | 10:51
Миллиондаған ақшамен қашып кеткен Дубай әмірінің жұбайы әрекетінің басты себебін айтты
Дубай әмірі Мұхаммед бен Рашид Аль Мактумнан екі баласымен Лондонға қашып кеткен ханшайым Хая мұндай әрекетке баруының басты себебін айтты, - деп жазады Daily Mail.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Дубай әмірі Мұхаммед бен Рашид Аль Мактумнан екі баласымен Лондонға қашып кеткен ханшайым Хая мұндай әрекетке баруының басты себебін айтты, - деп жазады Daily Mail.
Оның айтуынша, күйеуі өздерінің 11 жастағы қыздары Джалиляны Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салманға әйелдікке беруді жоспарлаған. Оның айтуынша, Шейх Мактум бұл жоспарын 2019 жылдың ақпан айынан талқылап бастаған деген болжамы бар.
Алайда Дубай әмірінің өзі қашып кеткен әйелінің айтқанын жоққа шығарады. Оның айтуынша, оның балаларының бірде-біреуін бұл жаста үйлендірейін деген жоспары болған емес. "Олардың үйленуі болған жоқ, бұл әкесінің осы жастағы қыздарымен жасайтын ісі емес", - деп жазады басылым шейх Мактумның сөзін.
Сонымен қатар, мақалада осы жылдың қаңтарында Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы әлемдегі ең бай адам, Аmazon-ның иесі Джефф Безостың телефонын бұзуға қатысы бар деп айыпталғандығы айтылған.
Сондай-ақ, ұлыбританиялық газет Мұхаммед бен Салман Вашингтон Post журналисі Джамал Хашоггиді 2018 жылы өлтіруге бұйрық берген деп жазады.
Иордания ханшайымы Хая бинт аль-Хусейннің Ұлыбританияға қашып кеткені 2019 жылдың жазында белгілі болды. Дубай әміршісінің әйелі 40 миллион доллар алып, қашып кеткені туралы хабарланды. Қашқын Кенсингтон сарайының жанындағы үйде тұрып, ажырасуға өтініш берген. Осыдан кейін ол Лондон сотына балаларды қорғауды қамтамасыз ету туралы өтініш берді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также