ПОДЕЛИТЬСЯ
29 қыркүйек 2021 | 09:16
Минск тұрғыны пәтеріне басып кірген МҚК қызметкерін атып өлтірді
Минск тұрғыны мемлекеттік қауіпсіздік комитеті қызметкерін атып өлтірді, МҚК қызметкерлері пәтерге мекенжайлармен жұмыс істеу бойынша операция аясында келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Беларусь Мемқауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, пәтер тұрғыны Андрей З. EPAM Systems IT-компаниясында жұмыс істеген. Күш құрылымдарының өкілдері оған қайтара оқ жаудырған.
Пәтерде оның әйелі де болған. Беларусьтің билікшіл телеграм-арналары атыстың монтаждалған кадрларын жариялады. Басып кіруші жақ та, қорғанушы тарап та түсірілім жасаған. "Настоящее время" басылымы пәтердегі рейд видеосындағы біртүрлі мәселелерге назар аударған. Мысалы, екі жақтан түсірілген жазбаның синхрондалуы және атып өлтірілген тұрғынның мәйіті көрсетілмеуі.
МҚК нұсқасы бойынша, қауіпсіздік қызметкерлері "террористік әрекетке қатысы бар адамдар болуы мүмкін мекенжайларды пысықтау бойынша" арнайы іс-шара өткізген. Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне оқ жаудырған ер адам ведомствоның хабарламасында "аса қауіпті қылмыскер"деп аталған.
"Қызметін атқарған адамды өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды (БР ҚК-нің 139-бабының 2-бөлігі).
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также