09 қараша 2020 | 15:29

Минскіде "Беларусь аруы" ұсталды

Фото Instagram.com/volgena

Минскіде митинг кезінде "Беларусь аруы - 2008" Ольга Хижинкова ұсталды, - деп хабарлайды "Народные новости Витебска".

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Минскіде митинг кезінде "Беларусь аруы - 2008" Ольга Хижинкова ұсталды, - деп хабарлайды "Народные новости Витебска".

Басылымның мәліметінше, 33 жастағы Ольга Хижинкова Минскіде ұсталып, Заводское аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілген.

Реклама
Реклама

"Беларусь аруы" жаппай қарсылық басталмай тұрып, саяси репрессияға қарсы екенін айтқан.

"Ресми тұрғыдан кез келген пікір диверсия және арандатушылық болса, еркіндіктің құны қандай. Виктор және Эдуард Бабарикоға бостандық", - деп жазды ол маусымда Instagram желісіндегі парақшасында.

Құқық қорғаушылардың алдын ала есебі бойынша Беларусь астанасында 8 қарашада жеті жүзге жуық адам ұсталған.

DW мәліметінше, олардың арасында Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, жеңілатлет Андрей Кравченко және кикбоксшы Иван Ганин бар. Tut.by хабарлауынша, қарулы күштер митингіге шыққандарды ұстағанда жаңа айла пайдалана бастаған. 

"Адамдарға адам сияқты қарым-қатынас жасаңдар, елге рақмет айтыңдар, құртпаңдар", - деді олар қамауға алып.

Ал белсенділер "Фашистер", "Ұят қайда?!" деп айғайлады.

Беларусьте жаппай наразылық шарасы тамызда өткен президент сайлауының нәтижесі жарияланғаннан кейін басталды. Ресми дерек бойынша, сайлауда Александр Лукашенко жеңді. Светлана Тихановская бастаған оппозиция сайлау нәтижесімен келіспейтінін мәлімдеген. Бірнеше ел де осындай мәлімдеме жасаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная