MMA шебері мен қылмыстық топ мүшесінің төбелесі видеоға түсіп қалды

MMA шебері мен қылмыстық топ мүшесінің төбелесі видеоға түсіп қалды Видеодан алынған кадр

Желіде ?ыр?ызстанны? Ош ?аласында?ы клубтарында бірінде бол?ан т?белесті? видеосы тарап жатыр. Видеодан MMA аралас жекпе-жек шебері мен ?йымдас?ан ?ылмысты? топты? м?шесі т?белескен, - деп хабарлайды Kabarlar.

Желіде Қырғызстанның Ош қаласындағы клубтарында бірінде болған төбелестің видеосы тарап жатыр. Видеодан MMA аралас жекпе-жек шебері мен ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі төбелескен, - деп хабарлайды Kabarlar.

Ош қалалық ІІБ мәліметінше, 20 маусымда қаладағы демалыс орындарының бірінде үш ер адамның зардап шеккені жайлы мәлімет келіп түскен. Зардап шеккендердің айтуынша, оларды себепсіз ұрып-соққан. Екеуінің жағы сынған, ал үшіншісі жеңіл жарақат алған.

Реклама
Реклама

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Ош қаласының екі тұрғынын ұстады. Тексеріс барысында ұсталғандардың бірінің ІІМ есебінде Ұйымдасқан қылмыстық топтың белсенді мүшесі ретінде тіркелгені анықталды. Ал тағы бір ұсталған ер адам спортшы - ММА аралас жекпе-жегінің шебері болып шықты.

Басылымның мәліметінше, қажетті сараптамалар тағайындалды. "Бұзақылық" бабы қылмыстық іс қозғалды.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама