17 ақпан 2020 14:13

Моңғолия билігі елдің экс-президентіне байланысты Интерполға өтініш жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© justmedia.ru © justmedia.ru

Моңғолия Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі (АТГ - Авилгатай Тэмцэх Газар) елдің бұрынғы президенті Цахиагийн Элбэгдорждың қайда жүргенін анықтау үшін Интерполға өтініш жасады. Ол Сауда және даму банкіне қатысты қылмыстық іс бойынша айыпталған, - деп хабарлайды CentralAsia

"Элбэгдорж, Моңғолия экс-президенті 2020 жылы елордалық прокуратурамен қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Оған Сауда және даму банкіне және "Моңғолия мысы" компаниясына үстемдік берді және елдің экономикалық қауіпсіздігін құлдыратты деген айып тағылды. Элбэгдорж 2019 жылы 7 қазанда Моңғолия шекарасынан шығып, қайта оралмаған. Сол себепті АТГ Ц. Элбэгдорж мекен-жайын анықтау үшін Интерполға өтініш жасады", - делінген ведомство хабарламасында. 

Қазіргі уақытта Моңғолия президенті қызметін Халтмаагийн Баттулга атқарып жатыр. Ол 2017 жылы 10 шілдеде өз қызметіне кіріскен. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети