21 қаңтар 2021 18:02

Моңғолия премьері босанған ананың коронавирус жұқтыруына байланысты отставкаға кетті

©Фото aa.com.tr

Моңғолия премьер-министрі Ухнаагийн Хурэлсух жаңа босанған әйелдің коронавирус жұқтыруына қатысты жанжалдан кейін отставкаға кетті. Оның оқиғасы Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда толқу тудырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Наразылықтардан кейін Моңғолия вице-премьері Янгу Содбаатар мен денсаулық сақтау министрі Тогтмол Мунхсайхан да отставкаға кетті.

Реклама
Реклама

Бұған дейін БАҚ-та Ұлан-Батырда босанғаннан кейін коронавирус жұқтырып алған ананың оқиғасы таралған. Әйел мен нәреесте COVID-19 жұқтырған науқастарға арналған стационарға жылы киінбей, аяқ киімсіз жеткізілгені хабарланды. Оқиға ел арасында үлкен толқу тудырып, адамдар ел астанасында көшеге шықты.

Нәтижесінде премьер-министр Моңғолия үкіметінің толық құрамын отставкаға жіберуді ұсынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram