06 сәуір 2020 16:56

Моңғолия президенті депутаттардан отставкаға кетуін сұрады

Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулга парламент депутаттарын саяси ерлік танытып, отставкаға кету туралы өтініш беруге шақырды. Бұл туралы ол 6 сәуірде парламентінің көктемгі сессиясының ашылуында айтты, - деп хабарлайды  CentralAsia

ПОДЕЛИТЬСЯ

Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулга парламент депутаттарын саяси ерлік танытып, отставкаға кету туралы өтініш беруге шақырды. Бұл туралы ол 6 сәуірде парламентінің көктемгі сессиясының ашылуында айтты, - деп хабарлайды  CentralAsia

"Парламент мүшесі және тамақ, ауыл шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп министрі Батзориг кеш болса да, депутат қызметінен отставкаға кетті. Батзоригтің үлгісін басшылыққа ала отырып, көктемгі сессияның ашылуында осы залда отырған басқа да депутаттарды азаматтық және саяси ерлік танытуға және қызметтік орны мен парламент мүшесіне қол сұғылмаушылықтан бас тартуға шақырғым келеді", - деп мәлімдеді Баттулга.

Реклама
Реклама

Биыл 3 сәуірінде азық-түлік, ауыл шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп жөніндегі экс-министр Моңғолия парламентінің депутаты Батзориг парламент спикері Занданшатарға отставкаға кету туралы өтініш берген.

Еске салайық, Моңғолия бюджетінде 2018 жылы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту қорына 25,4 миллион доллар бөлінген. Алайда, сайтта жарияланған есептерде, кей жоғары лауазымды адамдар, соның ішінде депутаттар қор қаражатын өз компанияларына, отбасы мүшелеріне және достарына қарыз беру үшін қолданғаны анықталған болатын. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram