ПОДЕЛИТЬСЯ
05 маусым 2021 | 13:57
Моңғолия президенттігіне үміткер сайлау алдында COVID-19 жұқтырды
Моңғолия президенттігіне Оңшыл сайлаушылар коалициясынан үміткер Дангаасурэнгийн Энхбат сайлауға төрт күн қалғанда COVID-19 жұқтырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Үміткер мен оның жарынан коронавирус анықталды, бұл туралы Энхбат Twitter-де жазды. "Қазіргі уақытта біз оқшауланып отырмыз, әзірге ешқандай белгі жоқ", - деді ол.
Энхбат бұған дейін жұбайымен екі компонентті Sinopharm вакцинасының бір дозасын алғанын айтты. Моңғолияда қазір төрт вакцина бар - Sinopharm, Pfizer, AstraZeneca және "Спутник V".
Моңғолиядағы президент сайлауы 9 маусымда өтеді. Кандидаттар қатарында билеуші Моңғол халық партиясынан Ухнаагийна Хурэлсуха және оппозициялық Демократиялық партиядан Содномзундуйна Эрдэнэ бар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также