ПОДЕЛИТЬСЯ
09 тамыз 2020 | 14:41
Моңғолияда COVID-19 жұқтырғандардың 90 пайызы сауығып шықты
Моңғолияда COVID-19 жұқтырғандардың 90 пайызға жуығы сауығып шықты, - деп хабарлайды CentralAsia.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Моңғолияда COVID-19 жұқтырғандардың 90 пайызға жуығы сауығып шықты, - деп хабарлайды CentralAsia.
Моңғолияда өткен тәулікте 3 пациент жазылды. Сонымен қатар, жаңадан вирус жұқтырғандар мен қайтыс болғандар тіркелген жоқ.
Елде коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандардың 90 пайызы жазылды. Қазір Ұлттық жұқпалы ауруларды зерттеу орталығында барлығы 30 адам бар.
Бұл туралы бүгін таңертең, 9 тамызда Ұлттық жұқпалы ауруларды зерттеу орталығының қадағалау және зерттеу бөлімінің басшысы А. Амбасэлмаа хабарлады.
"Өткен күні ҰЖАЗО және Дархан қаласының зертханасында коронавирус жұқтырудың жаңа жағдайларын анықтау үшін 592 тест өткізіліп, барлық сынақ нәтижесі теріс нәтиже көрсетті. Бүгінгі жағдай бойынша ел ауқымында вирус жұқтырған 293 адам тіркелген және олардың барлығы шеттен әкелінгендер. 263 адам толық сауығып, 30 адам амбулаторияда", - деді ол.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также