07 желтоқсан 2022 14:28

Моңғолияда көмір ұрлығын тергеу бойынша комиссия құрылады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Моңғолия билігі жаппай наразылық тудырған көмір ұрлығы оқиғасын тергеу үшін жұмыс комиссиясын құрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Mass телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Моңғолия билігі жаппай наразылық тудырған көмір ұрлығы оқиғасын тергеу үшін жұмыс комиссиясын құрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Mass телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы Парламент спикері Гомбожавын Занданшатара мәлімдеді. Оның айтуынша, парламентте көмір ұрлығына қатысты іс бойынша ашық тыңдаулар өтеді. Онда қатысы бар шенеуніктердің аты-жөні белгілі болады.

"Мемлекеттік конгресс көмір ісі бойынша қоғамдық тыңдау өткізеді. Көмір ісіне қатысы бар шенеуніктердің аты-жөні қоғамдық тыңдауда белгілі болады. Парламент депутаттары халықтың елшісі, ал халықтың байлығын ұрлаған адам заң бойынша жазалануы керек", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, ол көмір сатуда жемқорлық пен парақорлық барлық деңгейде бар екенін айтты.

"Сыбайлас жемқорлық пен парақорлық барлық деңгейде болғандықтан, мәселені кешенді түрде шешіп, мұндай мәселелер қайталанбас үшін, заң нормалары арқылы бәрінің жұртшылыққа ашық болуын қадағалау керек", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram