14 қараша 2021 | 19:30

Муамар Каддафидің ұлы Ливиядағы президенттік сайлауға қатысу үшін құжат тапсырды - БАҚ

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Сейф аль-Ислам Муаммар аль-Каддафи. Фото ©REUTERS

al-Marsad газеті 10 жыл бұрын содырлар өлтірген Ливия басшысы Муамар Каддафидің екінші ұлы Сейф әл-Ислам Каддафи елдегі президент сайлауына кандидат ретінде тіркелу үшін құжат тапсырғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

al-Marsad газеті 10 жыл бұрын содырлар өлтірген Ливия басшысы Муамар Каддафидің екінші ұлы Сейф әл-Ислам Каддафи елдегі президент сайлауына кандидат ретінде тіркелу үшін құжат тапсырғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

"Сейф әл-Ислам Каддафи президенттік сайлауға кандидат ретінде тіркелу үшін құжаттар тапсырды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Басылым мәліметінше, құжаттар елдің оңтүстік-батысындағы Сабха қаласындағы Жоғарғы сайлау комиссиясының бөліміне тапсырылған.

2020 жылдың көктемінде Ливияның бұрынғы басшысының ұлы - 49 жастағы Сейф әл-Ислам Каддафи Ливияда өтетін Мемлекет басшысының сайлауына өз кандидатурасын ұсынуға ниетті екенін айтылды.

Женевада ақпанның басында БҰҰ-ның қолдауымен өткен Ливия саяси диалог форумы 24 желтоқсанға белгіленген жалпы сайлауға дейін елді басқаратын Ливияның уақытша атқарушы билігін сайлады. Тізім бойынша дауыс беру нәтижесінде президенттік кеңестің жаңа басшысы Ливия ХКК-ның Грекиядағы бұрынғы елшісі Мухаммад Менфи болып сайланды. Ливиялық бизнесмен және саясаткер Абдельхамид Дбейба уақытша үкімет басшысы болып сайланды.

2011 жылы Каддафи режимі құлатылғаннан кейін оның және туыстарының артына түсті. Көтерілісшілер Каддафиді, сондай-ақ, оның ұлы Муатасемді өлтірді. Каддафидің ұлы Хамис Триполиді бомбалаған кезде қайтыс болды.

Каддафидің тағы бір ұлы - әкесінің ең адал серіктестерінің бірі Сейф әл-Ислам тұтқынға алынды. Ол Ливия түрмесінде 2017 жылдың шілдесіне дейін болған. Халықаралық қылмыстық соттың прокуроры Сейф әл-Ислам Каддафидің босатылғаны туралы хабардан кейін оны тағы да қамауға алуға шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная