Муаммар Каддафидің ұлы Ливияда өтетін президент сайлауына кандидатурасын ұсынды

Саиф әл-Ислам Каддафи. © REUTERS

Ливиялы? Джамахирияны? б?рын?ы лидері Муаммар Каддафиді? ?лы Саиф ?л-Ислам Каддафи алда Ливияда ?тетін президент сайлауына ?з кандидатурасын ?сынды. Б?л туралы оны? ?кілі Айман Бурас м?лімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Ливиялық Джамахирияның бұрынғы лидері Муаммар Каддафидің ұлы Саиф әл-Ислам Каддафи алда Ливияда өтетін президент сайлауына өз кандидатурасын ұсынды. Бұл туралы оның өкілі Айман Бурас мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Былтыр желтоқсан айында Каддафи отбасының өкілі Ливияның бұрынғы басшысының ұлы таяуда ел президенті болуға үміткер болғысы келетінін мәлімдеген болатын.

"Саиф әл-Ислам Каддафи алдағы президент сайлауында өзінің үміткерлігін ұсына отырып, билікке емес, елді құтқарып қалуға ұмтылады",  - деді баспасөз-конференциясы барысында Айман Бурас.

Реклама
Реклама

Осыған дейін Ұлттық келіссөз Үкіметі Сыртқы істер министрлігі басшысы Ливиядағы президент сайлауының 2018 жылдың ортасында өтетінін мәлімдеген еді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама