ПОДЕЛИТЬСЯ
18 тамыз 2020 | 09:16
"Мұқият қадағалаймыз". Трамп Беларусьтегі наразылыққа қатысты алғаш рет пікір білдірді
АҚШ президенті Дональд Трамп Беларусьтегі президент сайлауынан кейінгі наразылық шаралары туралы алғаш рет пікір білдірді, - деп хабарлайды РИА Новости.
ПОДЕЛИТЬСЯ
АҚШ президенті Дональд Трамп Беларусьтегі президент сайлауынан кейінгі наразылық шаралары туралы алғаш рет пікір білдірді, - деп хабарлайды РИА Новости.
Ақ үй басшысы жағдайдың жаман екенін атап, АҚШ бұл жағдайды мұқият қадағалап отырғанын айтты.
"Иә, жаман. Бұл Беларусьтегі жаман жағдай. Оны мұқият қадағалаймыз", - деді Трамп.
Өз кезегінде, Трамп әкімшілігінің жоғары лауазымды тұлғасы өз атын атамай, Reuters агенттігіне Беларусьтегі оқиғаларға қатысты АҚШ ұстанымын айтты.
"Бейбіт наразылық білдірушілердің көптігі Лукашенконың үкіметі бұдан былай демократияға деген үндеулерді ескермейтінін анық көрсетеді", - деді ол.
Трамп әкімшілігінің өкілі "Ресей Беларусьтегі жағдайға араласпауы керек" деп баса айтты. "Мәскеу Беларусьтің егемендігін және оның азаматтарының өз көшбасшысын еркін және адал сайлау құқығын құрметтеуі керек", - деді шенеунік.
9 тамыздан бастап Беларусьте президент сайлауының нәтижелеріне қарсы жаппай наразылықтар басталған, онда ресми мәліметтер бойынша қазіргі президент Александр Лукашенко 80,1 пайыз дауыс жинаған.
Оппозиция сайлауда Лукашенко емес, Светлана Тихановская жеңді деп санайды. Халық қайта санауды және мемлекет басшысына жаңа сайлау тағайындауды талап етіп жатыр.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также