ПОДЕЛИТЬСЯ
06 қыркүйек 2023 | 16:23
Мұнай бағасы күрт төмендеді
Мұнайдың әлемдегі бағасы өскеннен кейін қайта төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мұнайдың әлемдегі бағасы өскеннен кейін қайта төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сауда-саттық деректеріне сәйкес, Астана уақытымен 13:40 жағдай бойынша Лондон ICE биржасында Brent мұнайына қараша фьючерстерінің құны 0,47 пайызға, барреліне 89,61 долларға дейін төмендеді.
WTI мұнай фьючерстерінің бағасы қазанда жеткізуді қоса есептегенде 0,43 пайызға төмендеп, баррел бағасы 86,31 долларға жеткен еді.
Айта кетейік, қарашада жеткізілетін Brent мұнайының баррелі 90,04 доллар, қазанда жеткізілетін WTI баррелі үшін баға 86,69 доллар болды.
Сарапшылардың айтуынша, Сауд Арабия өндірісі мен экспортын үш айға - 2023 жылдың аяғына дейін қысқарту туралы хабарландырудан кейін мұнай бағасы күрт өсті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также