ПОДЕЛИТЬСЯ
27 мамыр 2022 | 07:54
Мұнай бағасы өсіп жатыр
Жаһандық жеткізілім проблемалары аясында мұнайдың әлемдік бағасы соңғы екі айдағы ең жоғары деңгейге жетті, - деп хабарлайды Reuters агенттігі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жаһандық жеткізілім проблемалары аясында мұнайдың әлемдік бағасы соңғы екі айдағы ең жоғары деңгейге жетті, - деп хабарлайды Reuters агенттігі.
Мамырда мұнай бағасы 5 пайызға көтерілді. Еуропалық Одақ алдағы күндері Ресейдің мұнай эмбаргосына келіседі деген үміт бар.
Брент мұнайының фьючерстері 11 центке арзандап, барреліне 117,29 долларға дейін жетті. WTI маркалы мұнайдың шілдедегі фьючерстері 19 центке арзандап, барреліне 113,90 доллар болды.
Бағалар биыл шамамен 50 пайызға өсті.
Еске салайық, сәуірдің соңында мұнайдың әлемдік бағасы Қытайда энергетикалық ресурстарға сұраныс төмендейді деген үрейдің күшеюіне байланысты төмендеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также