Мұсылман қызды шешіндіріп тексерген полицейлердің басы бәлеге қалды

Мұсылман қызды шешіндіріп тексерген полицейлердің басы бәлеге қалды

Нью-Йоркте м?сылман ?ыз хиджабын шешкізіп, тексеріс ж?ргізген полицейлерді? ?стінен ша?ымданды. New York Daily News хабарына ?ара?анда ?ала билігі енді м?сылман ?ыз?а 85 мы? доллар ?тема?ы т?леп береді. 35 жаста?ы Рабаб М?са 2017 жылды? ?ырк?йегінде ?сталып, оны? барысында шешінуге м?жб?р болыпты. 

Нью-Йоркте мұсылман қыз хиджабын шешкізіп, тексеріс жүргізген полицейлердің үстінен шағымданды. New York Daily News хабарына қарағанда қала билігі енді мұсылман қызға 85 мың доллар өтемақы төлеп береді. 35 жастағы Рабаб Мүса 2017 жылдың қыркүйегінде ұсталып, оның барысында шешінуге мәжбүр болыпты. 

Полицейлер оған ештеңені түсіндірместен, істеген ісін мойындатуға тырысқан. Алты айдан кейін айып тақпастан, қызды босатқан. 

New York Daily News дереккөзінің мәліметінше, қыздың не себепті ұсталғаны әлі де белгісіз қалып отыр екен. Соған қарағанда оны басқа адаммен шатастырып алған көрінеді.

Жарнама
Жарнама

Қыздың адвокаты өз кезегінде клиентінің масқараланғанын және өтемақының жазаның ең жеңілі екенін мәлімдеген.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама