31 тамыз 2021 | 17:58

Музей директоры Эстония президенті болып сайланды

Дина Шарипханова Корреспондент

Эстония ұлттық музейінің директоры Алар Карис ел президенті болып сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Estonian World басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Эстония ұлттық музейінің директоры Алар Карис ел президенті болып сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Estonian World басылымына сілтеме жасап.

Сайлаудың екінші кезеңі - жасырын дауыс беру нәтижесі бойынша 63 жастағы Алар Каристің кандидатурасын дауыс берген 101 депутаттың 72-сі қолдаған.

30 тамызда өткен дауыс берудің бірінші кезеңінде Алар Карис кандидатурасын қолдап 63 адам дауыс берген, бірақ сайлану үшін бес дауыс жетпеген.

Реклама
Реклама

Бұқаралық ақпарат құралдары мәліметінше, Алар Карис - білімі бойынша молекулярлық генетик және даму биологы - Эстония жаратылыстану ғылымдары университетінің ветеринария факультетін бітірген.

2003-2007 жылдары Эстония жаратылыстану ғылымдары университетінің ректоры, 2007-2012 жылдары Тарту университетінің ректоры болған.

2013 жылдан 2018 жылға дейін ол Эстонияның бас бақылаушысы - Мемлекеттік аудит басқармасының басшысы болды, оның функциялары салық төлеушілер қаражаттарының жұмсалуын бақылауды қамтыған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная