01 ақпан 2021 | 09:31

Мьянмада әскери төңкеріс: президент міндетін атқарушы тағайындалды

Фото © AP Photo

Мьянма әскери күштері вице-президентті президент етіп сайлады, ал билікті бас қолбасшы алды, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мьянма әскери күштері вице-президентті президент етіп сайлады, ал билікті бас қолбасшы алды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Мьянмада төңкеріс жасаған әскери күштер вице-президент Мьинт Швені елдің уақытша президенті етіп тағайындады, ал мемлекет билігі Мьянма қарулы күштерінің бас қолбасшысы, аға генерал Мин Аун Хлайнға берілді, деп хабарлайды БАҚ.

Реклама
Реклама

Irrawaddy интернет-порталы хабарына қарағанда, төңкерісті ұйымдастырушылар уақытша президенттің тағайындауда 2008 жылғы Конституцияның 418-бабына сүйенген, онда елде төтенше жағдай енгізілген жағдайда осындай тағайындау болады деп жазылған.

Мьинт Шве бұрынғы президент Тхин Чжо отставкаға кеткеннен кейін 2018 жылы Мьянма президентінің міндетін атқарды.

Синхуа ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда, уақытша президент Мьинт Швенің қолы қойылған декларация әскери қызметкерлерге тиесілі сол күні жұмыс істеп тұрған жалғыз "Мьявади" телеарнасының эфирінде оқылды. Декларацияда мемлекет билігі Мьянма қарулы күштерінің бас қолбасшысы, аға генерал Мин Аунг Хлайнға берілетіні айтылған.

Айта кетейік, бұған дейін билеуші партияның өкілі Мьянма мемлекеттік кеңесшісі Аун Су Чжиді, президент Вин Мьинді және басқа да көшбасшыларды 1 ақпанда таңертең белгісіз адамдар "ұстағаны" хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная