Мьянмада тағы жер сілкінісі болды

Фото: x.com/UNICEF

Мьянмада тағы да жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық агенттігіне (EMSC) сілтеме жасап.

Мьянмада тағы да жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық агенттігіне (EMSC) сілтеме жасап.

Мьянма аумағындағы жер сілкінісінің магнитудасы 5,5 болды.

Сейсмикалық белсенділік 13 сәуірде дүниежүзілік үйлестірілген уақыт бойынша 02:24-те (Астана уақыты бойынша 08:24-те) тіркелген.

Реклама
Реклама

Жер сілкінісінің эпицентрі Мьянмадағы халық саны шамамен 1,2 миллион адам болатын Мандалай қаласынан оңтүстікке қарай шамамен 92 шақырым жерде орналасқан. Бұл – елдегі екінші ірі қала.

Сондай-ақ, зілзала халық саны 177 мың адам болатын Мейктила қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 34 шақырым жерде тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы 8 шақырым тереңдікте болған.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы әзірге мәлімет түскен жоқ.

Еске салайық, 28 наурызда Мьянмада магнитудасы 7,7 болатын жойқын жер сілкінісі болып, 29 наурызда қайталанған еді. Бұл зілзала ел аумағында және көршілес мемлекеттерде шығынға әкелді. Эпицентрі Мандалай қаласынан шамамен 17 шақырым жерде орналасқан.

Елдің екінші ірі қаласы Мандалай мен жаңа астана Нейпьидо да зардап шеккен. Жойқын жер сілкінісінің салдарынан 2 700-ден астам адам қаза тапты. 31 наурыз бен 6 сәуір аралығында Мьянмада ұлттық аза тұту күні жарияланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама