26 қазан 2021 | 11:42

Мысыр жаңа астанасының атауын қоюға байқау жариялады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Иллюстрация:acud.eg

Египет билігі 2021 жылдың соңына дейін ашуды жоспарлап отырған жаңа астананың атына конкурс жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ahram агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Египет билігі 2021 жылдың соңына дейін ашуды жоспарлап отырған жаңа астананың атына конкурс жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ahram агенттігіне сілтеме жасап.

Жаңа астананың жобасын жүзеге асыратын мемлекеттік инженерлік орган астананың атауы мен ұранын, қаланың инновациялық логотипі мен визуалды сәйкестігі бойынша ұсыныстар жіберуге шақырды.

Биліктің шарты бойынша ұсынылған атауда ғылым, инновация, тұрақты даму және заманауи технологиялар арқылы әлеуметтік прогресс идеясы көрсетілуі керек.

Реклама
Реклама

acud.eg

Азаматтар жаңа астананың атауын 18 қарашаға дейін арнайы сайтқа жібере алады. Өтінімдерді сарапшылар, зиялы қауым және жазушылар комитеті қарайды.

Жаңа астана бес жыл бұрын Каирден шығысқа қарай 40 шақырым жерде салына бастады. Қаланың ауданы 700 шаршы шақырым, ол 6,5 миллион адамға арналған. Сондай-ақ, министрліктер, парламент, мемлекеттік органдар, тұрғын үйлер мен барлық қызметтер осы жерге көшуді жоспарлап отыр. Египеттің қазіргі астанасы Каир әлемдегі алтыншы үлкен мегаполис. Онда 22 миллион адам тұрады.

Жаңа астананың жобасымен мына жерде танысуға болады.

Бұған дейін Египет президенті елде төрт жылдан астам уақыт жұмыс істеген төтенше жағдай режимін алып тастаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная