22 ақпан 2021 | 08:56

Мысырда шенеунік күйеуі мен оның туыстарының есімімен көше атаған

Мысырдың солтүстігіндегі Кальюбия провинциясының губернаторы күйеуі мен туыстарының есімімен бірнеше көше атаған шенеунікті жұмыстан босатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости ақпарат порталына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мысырдың солтүстігіндегі Кальюбия провинциясының губернаторы күйеуі мен туыстарының есімімен бірнеше көше атаған шенеунікті жұмыстан босатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости ақпарат порталына сілтеме жасап. 

"Кафр-Шукр қаласын абаттандыру бөлімінің басшысы бірнеше көшенің атын күйеуі мен туыстарының есіміне қайта өзгерткені туралы тұрғындардың шағымынан кейін жұмыстан шығару туралы шешім қабылданды. Іс деректер расталған жағдайда тергеу және заңды шаралар қабылдау үшін әкімшілік прокуратураға жіберілді", - деді губернатор Абдулхамид Хадджан El-Watan газетіне.

Оның айтуынша, газетте М. Мона деп көрсетілген шенеуніктің әрекеті өрескел заңбұзушылық болып саналады, өйткені көшелерге атау беру туралы шешімді жергілікті халық кеңесі немесе арнайы комитет қабылдайды. Соңғы уақыттары Мысырдағы көшелер тек қоғам қайраткерлерінің немесе террористермен күресте қаза тапқан әскери және полиция қызметкерлерінің құрметіне аталып жүр.

Реклама
Реклама

Көшелерді күйеуі, оның ағалары мен қайын атасының есімімен атаған шенеуніктің өзі бұл айыпты жоққа шығарды, ол қала тұрғыны осылайша одан кек алмақ екенін айтты. Бұл, айтуынша, Сами Гамале. Ол "көше атауларының дағдарысынан" кейін Кафр-Шукр қаласын "Сами Гамаля қаласы" деп атауды ұсынған екен. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная