13 сәуір 2021 | 14:52

Мысырда Суэц каналын бұғаттаған кеме тәркіленді - БАҚ

Фото: ©REUTERS

Мысырдағы Исмаилия қаласының экономикалық істер жөніндегі соты Суэц каналын алты күн бойы жауып тастаған Ever Given-нің иесі 900 миллион доллар өтемақы төлегенге дейін кемені тәркілеу туралы шешім қабылдады. Ақпарат Shorouk газетінде жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мысырдағы Исмаилия қаласының экономикалық істер жөніндегі соты Суэц каналын алты күн бойы жауып тастаған Ever Given-нің иесі 900 миллион доллар өтемақы төлегенге дейін кемені тәркілеу туралы шешім қабылдады. Ақпарат Shorouk газетінде жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

"Сот шешіміне сәйкес кеме тәркіленіп, сот бақылауында болады. Ал оператор компанияға билік етуге тыйым салынады <...Суэц каналының әкімшілігіне 900 миллион доллар көлемінде өтемақы төленбейінше", - деді басылым тілшілері ақпарат көздеріне сілтеме жасап.

Шешім туралы кеме экипажына сейсенбі күні таңертең хабарланады деп жоспарланған. Өтемақы сомасы Ever Given-ді шығаруға, кемені жөндеуге, каналдың бұғатталуы салдарынан әкімшілікке келген шығынды қамтиды.

Реклама
Реклама

Суэц каналы әкімшілігінің басшысы Усама Рабиа өз кезегінде Youm7 газетіне оқиғаны тергеу нәтижесі бейсенбіде жарияланатынын айтты.

Shoei Kisen KK жапон компаниясына тиесілі, шамамен 224 мың тонна жүк көтере алатын Ever Given кемесі Қытайдан Нидерландыға бағыт алған. Кеме 23 наурызда арнаның 151-ші шақырымында жағалауға тіреліп, басқа кемелердің қозғалысын бұғаттап тастады. Канал Жерорта және Қызыл теңіздерін байланыстырады.

Ever Given кемесі салдарынан Суэц каналының бұғатталуынан келген жалпы шығын миллиард долларға жуық болуы мүмкін, деп хабарлайды Рабиа. Мысыр президентінің кеңесшісі Мохаб Мамиш бұған дейін Ever Given иесі өтемақы мәселесін бейбіт жолмен шешуге дайын екенін айтқан еді. Бұл іс сотқа жетуі екіталай.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная