17 наурыз 2022 | 09:06

НАТО басшысы альянсқа қарсы агрессия салдарын ескертті

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ©REUTERS

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Ресейге альянс мүшесіне қарсы кез келген агрессияға жол берілмейтінін ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Ресейге альянс мүшесіне қарсы кез келген агрессияға жол берілмейтінін ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап.

Столтенберг Украинадағы қақтығыстар аясында альянсты қорғау үшін қорғаныс жоспарлары қосылғанын айтты.

"Мәскеу НАТО одақтастардың егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзуға жол бермейтініне күмәнданбауы керек. Біз қауіпсіздік мәселесінде жаңа жағдайға бетпе-бет келіп отырмыз. Сондықтан ұжымдық қорғаныс пен тежеу ​​күшімізді ұзақ мерзімге жаңғыртуымыз керек", - деді НАТО басшысы.

Реклама
Реклама

Ол әскери қолбасшыларға одақтың шығыс қапталындағы құрлықтағы, әуедегі және теңіздегі қорғанысты күшейту міндеті қойылғанын айтты. Оның айтуынша, кибер және ғарыштық қауіптерге де назар аударылады. Сонымен қатар, Столтенберг одақтастар жиі және "көп" бірге жаттығуы қажет екенін айтты.

Бұған дейін Йенс Столтенберг Ресейдің агрессив әрекеттері нәтижесінде Украинадағы қақтығыс одан ары өршиді деп болжаған еді. Оның айтуынша, Ресейдің Украинадағы соғысы Еуропадағы соңғы онжылдықтағы ең ауыр әскери агрессия.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная