25 ақпан 2022 08:39

НАТО қорғаныс жоспарын іске қосады - альянстың бас хатшысы

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©REUTERS

Солтүстік атлантикалық келісім ұйымы (НАТО) елдері альянсты сақтау мен қорғауды күшейту мақсатында қосымша қадамдар жасайды. Бұл шешім Ресейдің Украинаға басқыншылығы басталды деген ақпараттардан кейін қабылданған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік атлантикалық келісім ұйымы (НАТО) елдері альянсты сақтау мен қорғауды күшейту мақсатында қосымша қадамдар жасайды. Бұл шешім Ресейдің Украинаға басқыншылығы басталды деген ақпараттардан кейін қабылданған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг мәлімдеді.

"Біздің құрлықтағы бейбітшілік бұзылды. Бұл қасақана, салқынқанды және бұрыннан жоспарланған басқыншылық. Ресей Украинаға негізсіз, себепсіз шабуылдар жасап, жазықсыз адамдар өмірін қатерге тігіп отыр. НАТО жоспарлап отырған жаңа шаралар күштерді, соның ішінде НАТО-ның шұғыл жауап беру күштерін орналастыруға мүмкіндік береді", - деді ол.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, НАТО одақтастарды қорғау үшін альянс елдерінде шұғыл жауап беру күштерін орналастыруды көздейтін қорғаныс жоспарын қолдану туралы шешім қабылдаған.

"Біз қазіргі жағдайды талқыладық және дағдарыс кезінде альянс елдеріне күштерді, оның ішінде шұғыл жауап беру күштерін орналастыруды көздейтін қорғаныс жоспарымызды пайдалануға келістік", - деді Столтенберг.

Сонымен қатар, Столтенберг Украинада НАТО күштері жоқ екенін және оларды бұл аумаққа орналастыру жоспарда жоқ екенін айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша, Солтүстік атлантикалық келісім ұйымының ресми мәлімдемесінде НАТО әскери блогының шығыс қапталына қосымша әскерлер орналастыратыны айтылған.

"Біз альянстың шығыс бөлігінде қосымша қорғаныс құрлық және әуе күштерін, сондай-ақ теңіз күштерін орналастырып жатырмыз", - делінген хабарламада.

Словакияның сыртқы істер министрі Иван Корчок НАТО шығыс қапталдағы елдер үшін Балтық елдеріндегідей жауынгерлік топ құрылымдарын құруды жоспарлап отырғанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram