НАТО мен Пентагон басшылары Кабулға барды: талибтер әуежайға қарай зымыран ұшырды

© REUTERS

"Талибан" радикал ?оз?алысы Ау?анстан астанасыны? ?уежайында ?шырыл?ан зымыран?а ?атысты жа?дайды ?з мойнына алды, - деп хабарлайды РИА Новости Tolo News басылымына сілтеме жасап.

"Талибан" радикал қозғалысы Ауғанстан астанасының әуежайында ұшырылған зымыранға қатысты жағдайды өз мойнына алды, - деп хабарлайды РИА Новости Tolo News басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, НАТО мен Пентагон басшылары бүгін Кабулға барды.

Өз кезегінде Ауғанстанның Ішкі істер министрлігінің өкілі Наджиб Даниш бірнеше зымыранның Кабул әуежайының маңына құлағанын, бірақ ешкімнің зардап шекпегенін айтты.

Реклама
Реклама

Ал Tolo News телеарнасы әуежайда 20-30 зымыранның ұшырылғанын хабарлады. 

"Әлемнің кез келген жерінде халықаралық әуежайға шабуыл жасау ол - террористер жасап отырған қылмыс. "Талибанның" немен айналысатыны белгілі", - деді қорғаныс министрі Джеймс Мэттис Кабулда өткен баспасөз конференциясы барысында.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама