01 наурыз 2022 | 08:56

НАТО одақтастар қорғанысын күшейтті

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: share.america.gov

Солтүстік атлантикалық келісім ұйымы (НАТО) одақтастар қорғанысын күшейтті. НАТО шұғыл жауап беру күштерін альянстың шығыс бөлігіне орналастырды. Бұл туралы ұйымның бас хатшысы Йенс Столтенберг АҚШ президенті Джо Байден ұйымдастырған бейне-конференция барысында мәлімдеді. Оған әлем көшбасшылары қатысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Солтүстік атлантикалық келісім ұйымы (НАТО) одақтастар қорғанысын күшейтті. НАТО шұғыл жауап беру күштерін альянстың шығыс бөлігіне орналастырды. Бұл туралы ұйымның бас хатшысы Йенс Столтенберг АҚШ президенті Джо Байден ұйымдастырған бейне-конференция барысында мәлімдеді. Оған әлем көшбасшылары қатысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Одақтас елдер қорғанысты қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылдауды ұйғарған және "Ресейдің күш қолдану арқылы іргелі принциптерді бұзуға бағытталған үздіксіз әрекеттеріне" байланысты еуропалық қауіпсіздіктің "жаңа нормасына" бейімделуді жалғастырады.

Әскери блокқа мүше елдер қауіпсіздік, қаржылай және гуманитарлық көмек көрсетіп, соғыс қимылдарына байланысты Украинаға қолдауды арттырғаны айтылған.

Реклама
Реклама

Көшбасшылар берік бірлігін және "еуроатлантикалық қауіпсіздікке онжылдықта төнген ең елеулі қатерді" жою үшін бірлесіп жұмыс істеуді жалғастыруға дайын екенін қуаттады.

Конференцияға Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон, Канада премьер-министрі Джастин Трюдо, Франция президенті Эммануэль Макрон, Германия канцлері Олаф Шольц, Италия премьер-министрі Марио Драги, Польша президенті Анджей Дуда, Румыния президенті Клаус Йоханнис, сондай-ақ Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен, Еуропалық Кеңестің президенті Шарль Мишель және Жапония премьер-министрі Фумио Кисида қатысты.

Еске салайық, 27 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин тежеу күштерін арнайы жауынгерлік кезекшілік режиміне көшіруді бұйырды. Бұл туралы ол қорғаныс министрі Сергей Шойгумен және Ресей Қарулы күштері бас штабының басшысы Валерий Герасимовпен кездесуінде мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная