ПОДЕЛИТЬСЯ
31 тамыз 2020 | 11:36
Навальный ауруханаға түскенде дене қызуы 34,2 градус болған - БАҚ
Алексей Навальныйдың тасымалын ұйымдастырған Cinema for Peace қоры Омбыда неміс дәрігерлері блогерді қарағанда "алаңдатарлық нәтиже" көргенін және оның температурасы 34,2 градус болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымда бұл ақпарат Навальныйды тасымалдау кезіндегі жаңа мәліметтер жазылған қордың баспасөз хабарламасынан екені көрсетілген.
"Барлық деңгейдегі дипломатиялық күшімізді салып, жеке медициналық есепті дайындағаннан кейін, біз жергілікті уақыт бойынша 22.00-де пациентті өте қауіпті нәтижелермен және 34,2 градус төмен дене температурасымен жұмада түнде тасымалдауға рұқсат алдық", - делінген қордың баспасөз хабарламасында.
Бұған дейін Алексей Навальный емделіп жатқан Charite клиникасының өкілдері оның жасанды комада жағдайы тұрақты екенін хабарлаған болатын. Ол қарқынды терапия палатасындағы жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған. "Холинергиялық дағдарыстың" белгілері төмендеп жатыр.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также