Навальный Германияда ауруханадан шықты

Фото: ©РИА Новости

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный Германиядағы ауруханадан шығарылды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный Германиядағы ауруханадан шығарылды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Дереккөз мәліметінше, Навальный клиникадан 22 қыркүйекте шықты.

"22 тамыздан бастап Charité-Universitätsmedizin Berlin-де емделген Алексей Навальный ауруханадан шығарылды. Науқастың денсаулығы жақсарды. Алексей Навальный Charite-те 32 күн емделді, оның 24 күнінде реанимацияда жатты", - делінген клиниканың хабарламасында.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 20 тамызда Алексей Навальный уланып, жансақтау бөліміне түскен болатын. Оппозиционер Томск қаласынан Мәскеуге ұшып бара жатқан кезде ұшаққа Омбыда шұғыл түрде қонуға тура келген еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама